Бас мүфти қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

09:19, 20 тамыз 2018

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай Қажы Ораз Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аса мейірімді, ерекше қамқор Алланың атымен бастаймын!

Жаббар Иеміз әл-қиссада әзіреті Ибрахим мен оның ұлы әзіреті Исмайылдың адалдығын өзгелерге үлгі етіп, мұқым мұсылман үмбетін құрбан шалуға бұйырғаны баршаға белгілі. Ислам тарихында Құрбан шалу рәсімі хижраның екінші жылы Сабук соғысынан кейін Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бастамасымен алғаш рет Мәдина қаласында жүзеге асты. Алла Тағала Құрбан шалу хақында Құран-Кәрімде:

فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ

«Раббың үшін (айт) намазын оқы, құрбан шал»[1], – деп бұйырады.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зулхижжа айының оныншы күні таңертең күн арқан бойы көтерілгенде, жамағатпен бірге Құрбан айт намазын оқып, Құтба айтып, сахабаларын Құрбан шалуға үндеген. Хақ Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Өзі бас болып, екі қойды құрбан етіп шалған. Осыдан кейін жыл сайын «Ид әл-Адха» мейрамында Құрбан шалу мұсылман үмбетіне діни дәстүр болып бекіді.

Аллаға сансыз шүкір, Қазақ елі бағымсыздыққа ие болғаннан кейін ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еңбек туралы» заңға өзгерістер енгізуімен (2005 жылы) Құрбан айт демалыс күні болып бекіді. Иә, Құрбан айт мерекесі күні ел тұрғындарының жүрегінде достық, бауырмашылдық, сүйіспеншілік, өзара құрмет, бір-біріне қол ұшын беру секілді сезімдері атойлайды. Ағайын-туыс, құда-жекжат, ұлт пен ұлыстың қарым-қатынасына бақ-береке еніп, сүйіспеншіліктің гүлі қауыз жарады. Ендеше, отандастарымызды және барша мұсылман қауымын келе жатқан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала айттан айтқа аман-есен жеткізуді жазсын деп тілеймін!


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!