Бас мүфти Алматы қаласында орталық мешітте жамағатпен жүздесіп, уағыз айтты

16:19, 18 сәуір 2018

Алматы қаласында орталық мешітте жамағатпен жүздескен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз "Обал болады" мен "сауап болады"-ның мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында орталық мешітте жамағатпен жүздесіп, уағыз айтты.

"Біздің ұлтымыз өскелең ұрпақтың жадына "обал болады" немесе "сауап болады" деген ұғымды сіңірген. "Обал болады" мен "сауап боладының" түпкі мәні тереңде. Нан қиқымын шашу – обал болады. Біреудің ала жібін аттау – обал болады. Өзгенің хақысын жеу – обал болады. Қарияға құрмет – сауап болады. Жабырқаған жанның жүрегіне үміт сыйлау – сауап болады. Міне, қарап отырсаңыз осының бәрі отбасыдан басталатын тәрбие негіздері. Отбасыдан дұрыс тәрбие алмаған бала ертең қоғамнан өз орнын тауып кете алмасы анық. Сондықтан, бала болашағына баршамыз атсалысуымыз лазым", – деді Серікбай Сатыбалдыұлы.

Бесін намазын жүргізген Бас мүфти елдің игілігі үшін бата жасап, дұға етті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!