«Барыс» өз алаңында «Сочиден» басым түсті

22:17, 26 қыркүйек 2024

© Сурет: hcbarys.kz

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында "Сочи" ХК-мен ойнады. Бұл жаңа жаттықтырушы Вячеслав Буцаевтың жетекшілігімен өткен алғашқы матч болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде "Барыс" сапынан Уэйд Эллисон 10-минутта мергендік танытты. Бұл гол елордалық клубқа жеңіс алып келді.

Қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскен "Барыс" турнир кестесінде бір сатыға жоғарылап, 22-орынға тұрақтады.

28 қыркүйекте "Барыс" Астанада "Витязьбен" кездеседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!