Барлық медициналық қызметкерлерге сыйақы есептеледі – Елжан Біртанов

12:47, 8 сәуір 2020

Бүгін барлық аймақтарда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы медициналық ұйымдардың шоттарына қаражат аударылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы facebook-те ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жазды.

– Достар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, коронавируспен күресетін дәрігерлерге жәрдемақы төлеу туралы жаңалықтармен бөлісіп отырмын.

4 сәуірде мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдау мәселелері туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұйрық сол күні ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.

Бұйрықта барлық тәуекелді топтар, төлемдер мөлшері және тізімдер құру тәртібі айқындалған.

Еліміздің өңірлерінде тиісті комиссиялар құрылды, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің аты-жөндері көрсетілген тізімдер жасалды.

Бүгін барлық аймақтарда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы біз медициналық ұйымдардың шоттарына қаражат аудардық.

Медициналық ұйымдардың басшылары 1-2 қауіп тобына, ал аптаның соңына дейін – өзге де барлық медициналық қызметкерлер бойынша есептеуді бастайды, – деп жазды министр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!