Банктерге зейнетақы қорынан 300 млрд теңге бөлінеді

14:38, 11 қазан 2018

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында қаржы министрі Әлихан Смайылов екінші деңгейдегі банктерге қайдан ақша алатындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Қаржы министрі ретінде, менің қолымда Ұлттық банк қаржының жартысын БЖЗҚ-дан, қалған жартысын Ұлттық банктің өз қаржысынан бөлуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат бар. Ол ақша екінші деңгейлі банктерге коммерциялық, нарықтық мөлшерлеме бойынша қайтарымды негізде беріледі", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл қаражат экономика үшін басымдыққа ие жобаларға бөлінеді.

"Қазір біз қаржының мақсатты орындалуын, экономикамыз үшін басым бағыттар мен жобаларға бағытталғанын бақылау тетіктерін әзірлеуіміз керек", - деп түсіндірді қаржы министрі.

Ә. Смайыловтың айтуынша, зейнетақы қорындағы ақша БЖЗҚ активтерінің өсуі үшін инвестицияланып, табыс әкелуі керек.

"Сол себепті оларды бір жаққа инвестициялау керек. Бұл тұста нарықтық мөлшерлеме бойынша ел экономикасына инвестициялау туралы сөз болып отыр. Сондықтан бұл қалыпты жағдай. Мұндай практика барлық әлем елінде қолданылады", - деді министр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!