Банк кепілінен «арзан көлік әперетін» алаяқ ұсталды

12:43, 29 қыркүйек 2020

Өскеменде 33 жастағы ер адам қала тұрғынының сенімін пайдаланып, алдап кетті, деп хабарлайды zakon.kz Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылай, күдікті арзан автокөлік сатып алуға көмек көрсету сылтауымен алдау арқылы жәбірленушінің 1 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген. Ер адам жәбірленушіні банктік кепілде тұрған автокөлікті арзан бағаға сатып алуға болады деп көндірген. Өскемен ПБ полиция қызметкерлерімен аталған азамат жеткізілді.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!