Банк борышкерлері үшін шұғыл байланыс желісі іске қосылды

16:16, 26 наурыз 2020

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай кезінде азаматтардың қарыз бойынша өсіміне жол бермес үшін екінші деңгейлі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, ломбардтар мен интернет-несие берушілерден қарыз алушыларды қолдау шаралары бойынша жедел байланыс желісін іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz.

Шұғыл байланыс телефондары: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122.

Қаржы нарығы субъектілерінің іс-әрекеттеріне қатысты өтініштер мен шағымдарды сайттың кері байланысын қолдану арқылы жолдауға болады:

http://www.finreg.kz/?docid=3329&switch=russian немесе TAL@finreg.kz, Fingramota@finreg.kz электрондық поштасы.

Еске сала кетелік, 2020 жылғы 23 наурызда Агенттік басқармасы "Төтенше жағдай кезінде халықты және кәсіпкерлік субъектілерді қолдау шаралары туралы" 2020 жылғы 22 наурыздағы қаулысы өз күшіне енді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!