Балқаш ауданында 150 келіге жуық балықпен екі браконьер ұсталды

12:49, 20 мамыр 2020
139

Балқаш ауданының тәртіп сақшылары өзге де табиғат қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлескен арнайы шара барысында тыйым салынғанына қарамастан табиғи байлыққа қол салған екі браконьерді ұстады, деп хабарлайды zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"18 мамыр күні кешке Қарой ауылының батысындағы "Шұбар Құнан" өзегінде екі азамат табиғат қорғау заңанамасының талаптарын өрескел бұзып, балық аулап жатқан жерінде ұсталды. Күдіктілердің Талғар қаласының 46 жастағы және Кеген ауданының 48 жастағы тұрғындары екені анықталды. Браконьерлерден моторлы су қайығы мен 150 килограмға жуық балық тәркіленді", - деп атап өтті Балқаш АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Нұргелді Абиров.

Полиция өкілінің хабарлауынша, мемлекетке келтірілген шығын 1 жарым миллион теңгеден асқан. Тәркіленген балық тиісті қабылдау орындарына өткізіліп, одан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылады. Жыл басынан бері Балқаш ауданының тәртіп сақшылары табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 6 дерегін, оның ішінде 3 заңсыз аң аулау және 3 заңсыз балық аулау дерегін әшкерелеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыстық полицейлер тұрғындарға балықтардың уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынатыны және 15 сәуірден мамыр айының соңына дейін "Уылдырық шашу" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілетіні туралы хабарлаған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір