Балаларымның науқас болуына күйеуім кінәлі

23:31, 25 мамыр 2020
616

Балаларымның науқас болуына күйеуім кінәлі! Осылай деген елордалық келіншек мұңын шақты. Жатақхананың қуықтай бөлмесінде жан баққан отбасының көмекке зәру екені Еуразия бірінші арнасының "Сенбілік жаңалықтарында" көрсетілген еді.

Тұрмыс тауқыметін тартқан көпбалалы анаға арнаның тұрақты көрермені көмекке келіп, көптен бергі арманын орындады.

Динара елордаға осыдан екі жыл бұрын оңтүстіктегі Сарыағаштан қоныс аударыпты. Бұл күнде бес перзентімен жатақхананың бір бөлмесін жалдап тұрады. Үш баласы аурушаң, ара-тұра денелері қалшылдап, тырысып қалады екен.

Динара Сәмбетова, жалғызбасты ана:

"Мыналар қайта-қайта ауыра бергеннен кейін амал жоқ осы жаққа қарай шықтым. Ол қазір жұмыс жасап жатыр ма, жоқ па білмеймін. Әлі хабарласпадық. Жолдасымнан ешқандай көмек алып жатқан жоқпын. Ажырап кеткенсіздер ме? Ия, екі жыл болды ғой уже".

Динара күйеуінен талай таяқ жеп, көп жәбір көргенін айтады. Тіпті, жүкті кезінде де қол көтеріпті. Үш баласының аурушаң болғанын содан шығар деп топшылайды.

Динара Сәмбетова, жалғызбасты ана:

"Мен негізі екіқабат кезде көп нервный болдым ба білмеймін. Оның үстіне көп таяқ жедім. Содан кейін бе, әйтеуір балаларымның барлығы судоргімен ауыратын болды ғой. Содан кейін амал жоқ осы жаққа қарай шықтым. Ең болмаса балаларды емдеп алайыншы деп. Бұлар үлкейген кезде шамам келмей қалады".

Ал балалардың әкелері жайлы айтқылары жоқ....

"Әкелерің естеріңде ме?

Жоқ.

Неге естерінде жоқ ешқайсысының? Өзі көңілдерін қалдырған да... Жалғызбасты ана балаларына берілетін жәрдемақыға жан бағуға мәжбүр. Бәрін бір өзі бағып-қағып, өсіріп келеді. Бірақ, бесеуін бірдей жалғыз өзіне аяқтан тұрғызу оңай емес. Мұндайда қайырымды жандардың барына шүкір айтады. Жағдайларына қанық болғандар алыс-жақыннан хабарласып, қол ұшын созуда екен. Сондай Құдайға қараған жандардың бірі - біздің тұрақты көрерменіміз Нариман.

Нариман Гульмамедов, қала тұрғыны:

"Өткендегі Сенбілік жаңалықтардан көріп сізді, өзіңіздің арманыңыз болды ғой бір кішігірім тігін машинасына қол жеткізсем деген. Осы қасиетті Рамазан айында өзіңіздің арманыңызды орындайық деп, табыстайын деген едім. Игілігіңізге жұмсаңыздар"

Динара Сәмбетова, жалғызбасты ана:

"Сіздер әйтеуір мені елеп, осылай келіп жатқандарыңызға рахмет. Алла разы болсын! Әйтеуір осы тігін машинкасының өзі сәлде болсын көмек маған" Нариман Гульмамедов, қала тұрғыны: "Енді дегеніңізге жетіңіз. Осы балаларыңыздың қызығын көріңіз. Аман-есен осы дерттерінен сауығып кетсін. Сіздің барыңыз да, нарыңыз да осы балаларыңыз ғой енді. Армандарыңызға жетіп, балаларыңыз үмітіңізді ақтасын. Бар жақсылықты тілеймін сіздерге".

"Балықшыға балық берме, қармақ бер" деген нақыл бар. Тігін машинасын Динараға тосын сый болды. Тігін тігуге ебі бар келіншек, енді тарсырыс алып азын-аулақ азық-түлігін айырмақ. Ал, Нариман сүйген қызы Самалмен осы жазда отау құруды көздеп отыр. Қасиетті Рамазан айында жасаған жақсылығы жас отбасыға еселеніп қайтсын деп тілейміз. Ал біздің көрерменге айтар өтінішіміз бар. Көмекке мұқтаж кез-келген жанға қол ұшын созуға мүмкіндігіңіз болса, редакциямыздың экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарлассаңыздар болады. 8 (7172) 75 73 29


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!