Балаларға «Колбин долой» дегізген қазақ тәрбиешілеріне тықыр таянды

16:52, 13 желтоқсан 2019

Алматы облысындағы балабақшалардың бірінде 1986-шы жылы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасын сахналаған балалардың оқиғасы қоғамды шулатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл видео JEXEN NEWS telegram-каналында пайда болды.

Бір қатарда "Колбин долой" деген қағаз ұстаған балалар тұрса, оларға қарсы сапта полиция формасын киіп, қолына қару ұстаған екінші топ тұр. Бұйрық алған "қызыл милиция" "ереуілге шыққандарды" атып, ұруға кіріседі.

- Бұл көрініс қоғамда дау тудырып, аудандық білім басқармасы аталған жекеменшік балабақшаның әдіскері мен құрылтайшысын сөйлесуге шақырды. Мектепке дейінгі білім бағдарламасында мұндай нәрсе жоқ, және мұндай көріністер құптарлық емес, - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы – 1986 жылдың 17-18 желтоқсанындағы қазақ жастарының коммунистік партия шешіміне қарсы толқуы.

ЦК КПСС Бас хатшысы М.С.Горбачев Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевты қызметінен алып, орнына Қазақстанда бұрын жұмыс істемеген Геннадий Колбинді қойған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!