Балалардың телефонға телміру ауруын тоқтататын жоба қолға алынды

20:09, 26 қараша 2020

Ғылым мен техниканың дамыған заманында кез келген жұмысты интернет арқылы орындау қалыпты жағдайға айналды. Қазіргі таңда интернетке тәуел­ділік әлемдегі ең басты мәсе­лелердің біріне айналып отыр. Жасөспірімдердің көпшілігі виртуалды әлеммен шектен тыс әуестенеді. Осыған байланысты, "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер республикалық ұйымы интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында "ReStart" жобасын бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Шілдеде басталған жоба қараша айының соңына дейін жалғаспақ. Негізгі мақсаты – жастарға, балалар мен ата-ана­ларға виртуалды кеңістіктің қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Жоба шеңберінде жастар мен балалардың интернетке тәуелділігін анықтау әдістемесін әзірлеп, түрлі тақырыптар бойынша талдау жұмыстарын жүргізу үшін сарапшылар пулы құрылды.

Сарапшылар интернетке тәуелділікті анықтау бойын­ша әлемдік тәжірибедегі қол­даныстағы әдістемелерге және ҚР Заңнамаларына тал­дау жасады.

Жоба аясында 9400 жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен әлеуметтанулық сауалнама жүргізілді. Осы арқылы интернет қауіпсіздігіне қатыс­ты мәселелердің бүгінгі жай-күйі талданып, Қазақстан жастарының интернетке тәуелділік деңгейі анықталды.

Білікті мамандар ата-аналарға арнап балала­ры­мен қандай жұ­мыс жүр­гізуге болатыны жа­зыл­ған нұс­­қаулықтар дайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!