Балаева Орталық Азиядағы креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 14 қарашада Ташкент қаласында Орталық Азия елдерінің мәдениет министрлерінің алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мәдениет министрліктерінің басшылары, сондай-ақ құрметті қонақ ретінде Әзербайжанның Мәдениет министрі қатысты.
Әріптестеріне жылы лебізін білдірген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл алғашқы кездесудің Орталық Азия елдері арасындағы мәдени ынтымақтастық тарихындағы маңызды кезең екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл кездесу өңір елдерінің мәдени байланыстарын нығайтып, өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге деген ортақ ұмтылыстың айқын дәлелі.
"Бүгінде алдымызда мәдени кеңістіктің дамуына қосымша серпін беретін нақты шаралар мен бастамаларды келісіп қабылдау міндеті тұр", - деп атап өтті министр.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Аида Балаева Орталық Азияның мәдени күнтізбесін әзірлеу бастамасын ұсынды. Бұл құжат өңірдегі маңызды мәдени шараларды жүйелеуге және біріктіруге мүмкіндік береді.
Министр сондай-ақ Орталық Азияның Мәдени турне платформасын іске қосуды ұсынды. Бұл механизм өңірлік гастрольдік бағдарламаларды, ретроспективалық көрмелерді және архивтік фильмдерді міндетті түрде цифрландыруды көздейтін аймақаралық кинокөрсетілімдерін жыл сайын тұрақты түрде өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге министр ғылыми және тарихи ынтымақтастықты дамыту мәселесіне де ерекше тоқталды.
"Орталық Азия елдерінің ғылыми, деректі және әдеби архивтік материалдарының көшірмелерімен алмасу бойынша ауқымды әрі өзара тиімді ынтымақтастық орнату да пайдалы болар еді. Өз тарапымыздан бізде бар, сіздердің елдеріңізге қатысты материалдарды бөлісуге дайынбыз. Мұндай алмасу өңірдің тарихы мен мәдениетін зерттеуде күш біріктіруге, бар олқылықтарды толтыруға, жекелеген оқиғалардың жаңа қырларын ашуға, сондай-ақ көрнекті тұлғалардың еңбегіне неғұрлым толық әрі объективті баға беруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Аида Балаева.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Сөз соңында министр Орталық Азияның бірыңғай цифрлық платформасын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл заманауи креативті индустриялар маркетплейсі қолөнершілерді, дизайнерлерді, зергерлерді және шығармашылық саланың басқа да өкілдерін насихаттауға арналған орта болмақ.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан арғы ынтымақтастықтың негізгі міндеттері мен бағыттарын айқындаған хаттамаға қол қойды. Құжат аясында сондай-ақ "Орталық Азияның мәдени бренді" тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру мүмкіндігін қарастыруға келісті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:09, 7 желтоқсан 2025
Батырхан Төлеуғали таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
-
17:57, 6 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жұдырығына ерік берген шенеунік жұмысынан айрылып тынуы мүмкін
-
17:45, 6 желтоқсан 2025
«Боран, көктайғақ». Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:52, 6 желтоқсан 2025
Кеңсайдағы өрт: бір отбасы баспанасы мен екі көлігінен айырылды
-
16:30, 6 желтоқсан 2025
Чернобылдағы саркофаг негізгі қауіпсіздік функциясын жоғалтты - МАГАТЭ





