Балаева мамандармен қоғамдық бақылау туралы заң жобасын талқылады

15:40, 22 қаңтар 2021

22 қаңтарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша қоғам өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында министр заң жобасын іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері туралы айтты.

"Бүгін біз көптің талқылануына ұсынылған "Қоғамдық бақылау туралы заң жобасын" таныстырамыз. Заң жобасы бүгіннің өзінде ведомствоның сайтында және электронды Үкіметтің "Ашық НҚА" сайтында жарияланып үлгерді", - деді Аида Балаева.

"Қоғамдық бақылау туралы" Заң жобасын талқылауға, оны заңнамалық тұрғыдан шоғырландыруға түрлі тәсілдер ұсыну үшін Эдуард Полетаев, Аида Альжанова, Даулет Байдельдинов, Ажар Джандосова, Ирина Ким, Сергей Понамарев, Дос Көшім, Джамиля Асанова, Марат Шибутов және басқа да белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылар белсенді қатысты.

Заң жобасын министрлік қазақстандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірлегенін атап өткен жөн. Айта кету керек, бүгінде қоғамдық бақылау институттарының жұмысы кейбір шет елдердегі мемлекеттік басқару жүйесінің қызметіне тиімді әсер ететін факторға айналды. Осыған байланысты заң жобасын әзірлеу кезінде Азия, Еуропа және Американың 30-ға жуық елдерінің тәжірибесі зерттелді.

Заң жобасын әзірлеудің өзектілігі қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру үшін құқықтық жағдайлар жасау қажеттілігімен байланысты. Құрылымдалған заң қоғамды елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңару процестеріне тартуды жеңілдетеді, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың азаматтық қатысуы үшін барынша ашықтығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім деңгейін арттырады деп жоспарлануда.

Іс-шара соңында министр кездесудің барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны және азаматтық қоғамды дамыту үшін ерекше маңызы бар мәселені іске асырудағы жауапкершіліктері мен сындарлы көзқарасы үшін алғыс білдірді.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында "Қоғамдық бақылау туралы" Заңды әзірлеу және қабылдауды тапсырған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!