Бақытжан Сағынтаев Райымбек батыр басына тәу етіп қайтты

17:37, 12 шілде 2019
751

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмада Райымбек батыр кесенесіне барып, тәу етіп қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Райымбек бабаның кесенесіне зиярат етіп, рухына Құран бағыштап қайттым", - деді деп жазады әкім өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетсек, Райымбек Ұлы жүздің Албан руынан шыққан 18 ғасырдың ортасында дүниеге келген батыр. Қалмақ, жоңғар соғысына қатысып, қиян-кескі ұрыстарда ерекше соғыс тәсілдерімен көзге түскен. Батырдың жаудың көзін байлайтын ерекше қасиеті болған. Атақты Аңырақай шайқасында қол бастаған Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Өтеген батырлармен тізгін қағыстырып, бір қатарда тұрған. Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әпсана кеңінен тараған. Соның бірі - емшілік, көріпкелділік қасиеті. Мысалы, батыр жатқан Алматы қаласындағы Райымбек даңғылы бойында кезінде үлкен зират болған. Соны Кеңес заманында сүріп, жол салады. Бірақ батыр жатқан зиратты сүруге келгенде трактор істемей қояды. Кері бұрылса трактор жүріп кетеді. Ал зиратқа қарай беттесе өшіп қала береді. Ақыры қала билігі ол кісінің зиратына тиіспеу туралы шешім қабылдайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!