Бақауовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды - ҚР ҰҚК

17:53, 16 қаңтар 2020

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Болат Бақауовтың үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Биыл 15 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Б.Бақауовқа қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі, яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша қозғалған қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу шараларын жүргізді" делінеді ведомства хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҰҚК-дегілер тергеу мүддесі тұрғысында дәл қазіргі уақытта бұл істің мән-жайын жариялауға болмайтынын ескертті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!