БАҚ-тар да коронавирусқа байланысты мемлекет тарапынан қолдауға ие болды

12:07, 29 маусым 2020

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева коронавирус инфекциясына байланысты жарияланған пандемия кезеңінде отандық БАҚқа көрсетілетін қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрдің айтуынша, пандемия салдарынан бұқаралық ақпарат құралдары да үлкен экономикалық қиындықтарға тап болып отыр.

- Дағдарысқа қарсы шаралар аясында ҚР Парламенті 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде салықтардан және жалақыдан ұсталатын міндетті аударымдардан босатуды қарастыратын түзетулері мен өзгерістері бар заң жобасын мақұлдады, - деді Аида Балаева халық алдында есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, Мәжіліс коммерциялық теледидарлар мен радиоарналарды аналогтық және жер үсті сандық хабар тарату қызметтері үшін алынатын төлемдерден 2020 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында босатуды қарастыратын заң жобасын қабылдады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!