БАҚ өкіліне аузын қисайтқан судьяға қандай жаза қолданылды

22:54, 14 қараша 2025

© Фото: zakon.kz

Шымкент қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбінұр Қарабаевқа қатысты тәртіптік іс бойынша Судьялар жюриі шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғары сот кеңесінің Судьялар жюриі отырысының қорытындысы бойынша Әбінұр Қарабаев тәртіптік жауапкершілікке тартылып, ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды, деп жазды Kazinform.kz.

"Жоғары сот кеңесінің Судьялар жюриі судьялар қауымдастығының тәуелсіз тәртіптік органы саналады. Оның міндеті — судьяларға "қатаң жаза қолдану" емес, тиімді тәртіптік шараларды қолдану арқылы олардың жауапкершілігін арттыруға және сот процесі қатысушыларының судьяларға деген сенімін нығайтуға ықпал ету. Судьялар жюриі тәртіптік процестің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігіне кепілдік береді", - деп хабарлады Жоғары сот кеңесі.

Айта кетейік, тексеру видеожазбадан басталған болатын: сот залында бұрынғы Шымкент әкімінің орынбасарына қатысты іс бойынша төрағалық еткен судья журналиске тілін шығарған.

Кейіннен Сот әдебі бойынша комиссия тексеру материалдарын Судьялар жюриіне жолдады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!