Байзақова өзінің жүкті екенін жариялады

10:07, 25 қыркүйек 2018
501

Аяғы ауыр Байзақова желіге суретін жариялады. Көпшілік ұятсыз суреттерімен танылған Байзақованы жоғалтып алған еді. Бұл жолы ол тағы да елді дүрліктіріп оралды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олай дейтініміз Айжанның аяғы ауыр екен, ішінде жеті айлық баласы бар. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасына жазды.

Байзақова: "Желіде ұзақ уақыт болмауымның себебі - менің жүктілігім. Қазір отыз апта болды, бірақ ішіме қарап олай айту қиын. Елдің назарына ілікпей жүру мен үшін оңай болмады және бұл жаңалықты да құпия сақтап қалғым келген. Бірақ қуанышымды жасырғым келмеді".

Мұндай жаңалықты күтпеген оқырмандары таң қалыстарын жасыра алмады. Бірі бақыт тілеп жатса, екіншісі теріс пікірлерін де жазып жатыр. Олардың бәріне дерлік баланың әкесі кім екені қызық. Бірақ Айжан Байзақова ол туралы жақ ашпаған.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!