Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды

16:40, 5 ақпан 2023

© Сурет: видеодан алынды

5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15:12 шамасында Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы көкке көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зымыранға "Электро-Л" № 4  ғарыш кемесі бекітілген.

"Электро-Л" сериялы ғарыш аппараттары ғалымдарға ауа райын болжауға, авиация саласындағы ұшу жағдайларын талдауға, теңіздер, мұхиттар акваторияларының жай-күйін бақылауға, сондай-ақ қауіпті аудандардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі. 2011 жылдан бастап Жер орбитасында "Электро" жүйесі жұмыс істейді, бұл бағытта "Электро-Л" № 2 және "Электро-Л" № 3" сынды мақсатты жерсеріктері қолданыста екенін жеткіземіз". Роскосмос


Зымыранды ұшыру сәтін Роскосмостың ресми YouTube арнасынан тамашалауға болады, ол шамамен 10 минут уақытты алды. 

Зымыран сағатына 24 мың шақырым жылдамдықпен заулайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!