Байқаңыз! Алматыда Gelandewagen мінген 01-ші бай жүр

17:03, 20 сәуір 2021

© Сурет: видеодан кадр

Бұл өзі әдейі ұйымдастырылған видео ма, әлде шынымен болған жағдай ма екен, білмедік әзірге.

Алматыда 001 BAY 02 деген нөмір таққан Gelandewagen жүргізушісі жол бере қоймағаны үшін видео авторы болып отырған екінші бір жүргізушіні қуалап келіп, бейсбол битасымен әлгінің көлігінің терезесін шағып кетті. Таяқ ұстаған дөкей тіпті сөзге де келмепті.

Видео авторы полициядан көмек сұрап отыр. Дәті жетсе, 001 BAY 02 деген нөмір кімдікі екенін полиция хабарлауы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!