Байдың балаларына грант бермейік, деген ұсыныс шықты

11:50, 27 мамыр 2020
488

Қазақстандағы табысы аса жоғары отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік грант беруге тыйым салу ұсынылды. Грант үлестіріп жатқанда баланың үлгеріміне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық факторларға да қарау керек, деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов, деп хабарлайды zakon.kz.

- Үй-ішінің табысы жоғары абитуриенттер грант алмауы керек. Гранттарды табысы төмен отбасылардан шыққан барлық абитуриенттерге 50 балл жинаған жағдайда бере салу керек. Биыл Ұлыбритания үкіметі Кембридж бен Оксфорд университтеріне балалардың кемінде 7%-ын кедей отбасылардан қабылдауды тапсырды. Әлем өзгеріп жатыр. Әлеуметтік лифт жұмыс істеуі үшін мемлекеттік гранттарды табысы төмен адамдарға бағыттау керек, - деді Асылбек Қожахметов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!