Бағлан Майлыбаев Бишімбаев сияқты түрмеден ертерек шыға алмады

15:22, 15 қазан 2019

Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев бас бостандығынан айыру жазасын шартты мерзімге ауыстыру туралы өтініш берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

- Нұр-Сұлтан сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі шешімімен сотталушының мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қабылданбады, деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

2017 жылы ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев пен Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары Николай Галихинге қызмет бабын асыра пайдалану және мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жариялау баптары бойынша айып тағылды. Майлыбаев кінәлі деп танылып, бес жылға сотталған. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдардағы лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылған.

2019 жылдың наурызында Майлыбаев қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берді. Бірақ оның бұл өтініші де қанағаттандырылмады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!