Бадминтоннан Қазақстан чемпионы кім екенін білесіз бе?

17:57, 25 қазан 2021
144

© Сурет: instagram/kazbadminton

Шымкентте бадминтоннан ел чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Еліміздің барлық өңірінен келген 90-ға жуық спортшы елдің үздік бадминтоншысы атану үшін бақ сынасты. Бір аптаға созылған жарыста Шымкент қаласының бадминтоншылары командалық есепте жеңімпаз атанды. Екінші орын Қостанай облысының спортшылары иеленсе, үшінші орынды Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары өзара бөлісті.

Ерлер арасында жүлделі болғандар

Хайтмұрат Құлматов (Шымкент)
Дмитрий Панарин (Түркістан облысы)
Артур Ниязов пен Евгений Евсеев (екеуі де Шымкент)

Әйелдер арасында жеңімпаздар:

Камила Смағұлова (Шымкент)
Аиша Жұмабек (Шымкент)
Ромуалада Батырова (Ақмола облысы) және Наргиза Рахматуллаева (Батыс Қазақстан облысы).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!