Ажырасқан Мөлдір Әуелбекова намазға жығылды

15:52, 19 тамыз 2019

Ажырасқан әнші Мөлдір Әуелбекова намазға жығылғанын мойындады. Бұл туралы әнші Инстаграмдағы парақшасында жазып, сурет жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Я, Раббым! Бір өзіңе сыйынамыз! Бір өзіңнен сұраймыз! Бір өзіңе мұқтажбыз! Бір өзіңе тәуелдіміз! Бір өзің қайырлысын білуші де, беруші де! Бір өзіңе тапсырдым! Неше жылдан бері жасырып келеген құпиям ашылды! Намаз! Оқыңыздар! Маған айту парыз! Жұма қабыл болсын! Алла тілеулеріңізді берсін! Бақыт құшағында болыңыздар! Жақсы көремін!" - деп жазған мына сурет астына Мөлдір Әуелбекова.

Айта кетсек, 2016 жылдың соңында кәсіпкер азаматқа тұрмысқа шығып, араға бір жыл салып ажырасып кеткен Мөлдір Әуелбекова қазір Салтай есімді ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Ал 2019 жылдың 29 сәуірде Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!