Азаттық журналистеріне секірген қыздар кім

10:01, 23 шілде 2019
393

Қазақтың кәдімгі "нұрботы", немесе титушкаларға ұқсайтын кешегі қыздардың елдегі тәуелсіз басылымдардың бірі – "Азаттық" журналистерінің жағасынан алғаны бекер болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыдан енді үлкен дау туындап кетпесе игі еді, деп жанталасып жатқан тараптар бар. Билік тыйым салып тастаған ДВК-ның чаты көпбалалы аналарды жиынға шақырып, ол жиыннан осындай лаң шықты.

Болған оқиғаны түсіндіріп, кешірім сұрау мақсатында сол жанжалдың ортасында болған бір әйелдің мынадай видеосы желіде пайда болыпты.

Тағы бір тәуелсіз басылым - ҚазТАГ-тың хабарлауынша, журналистерге шабуыл жасаған әйелдердің бірі өзін әкімдік қызметкері деп таныстырған деседі. Оның есімі – Ақжол Ахметова, ол бұған дейінгі бір шарада Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаевтың көмекшісі "рөлін ойнаған" екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!