Азаматтығын сататын елдердің рейтингі жасалды

09:29, 23 шілде 2018
362

Азаматтығын ақшаға сататын елдердің рейтингі жасалды.Bloomberg агенттігі ел экономикасына инвестиция салу арқылы азаматтық алуға болатын елдердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған тізімге он мемлекет кіреді, олардың сегізі ХВҚ классификациясы бойынша оффшорлық аймақ ретінде саналады. Алайда, кәсіпкерлердің көпшілігі азаматтықты басқа себептермен сатып алады.

«Егер сізде яхта мен екі ұшағыңыз болса, онда сізге тек Мальта төлқұжатын сатып алу ғана қалды. Бұл статустың соңғы белгісі. Бізде, тіпті оларды жай ғана жинайтын клиенттер бар», – дейді азаматтық мәселелері бойынша кеңес беретін Henley & Partners компаниясының басшысы Кристиан Келин.

«Ең қымбат» агенттік Австрияның азаматтығы болып шықты. Австрияның төлқұжатын алу үшін жергілікті экономикаға $ 23,75 млн доллар инвестиция салу қажет. Екінші орында Кипр. Осы елдің азаматтығын 2,375 миллион долларға сатып алуға болады. Сондай-ақ, азаматтығы ең қымбат үштікті Мальта бекітеді. Бұл елдің төлқұжатын алғысы келген инвесторлар азаматтық алу үшін 1,065 миллион доллар төлейді.

Ал, азаматтығы ең арзан елдерге Сент-Люсия, Доминика, Антигуа және Барбуда кіреді. Бұл елдердің азаматтығын алу үшін 100 мың доллардың өзі жеткілікті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!