Азаматтарға арналған үкімет өз кадр резервін жасақтайды

16:53, 25 ақпан 2021

© Сурет: Facebook

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өз кадр резервін жасақтайды. Дарындылар пулына (кадр резервіне) қатысуға өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 1 наурызда басталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов Facebook парақшасында жазды.

"Министр Бағдат Мусин өз парақшасында кадрлық резерв туралы айтқан болатын. Біз дарындылар пулын – болашақта кәсіпқой мамандардан құралған мықты команда жасақтауды жоспарлап отырмыз. Оған тек біздің қызметкерлер ғана емес, кез келген азамат қатысып, өтінім бере алады", – деләнген жазбада.

Жобаға жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қатыса алады. Үміткерлер үшін ғылыми дәреженің болуы резервке алу барысында артықшылық болып есептеледі. Тіркеу және онлайн іріктеу talent.gov4c.kz сайтында 1 наурыздан бастап жүргізіледі.

"Жобаға қатысушылар іріктеудің үш кезеңінен өтеді. Алғашқы екеуінде үміткерлер логикалық тестілеу мен ҚР заңдарының білімі бойынша тест тапсырады. Қорытынды кезеңде мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, HR сарапшыларынан және мемлекеттік корпорацияның басқарма мүшелерінен тұратын сарапшы кеңеспен әңгімелесу өтеді. Жоғары балл жинаған және әңгімелесу кезеңінен өткен үміткерлер кейіннен тиісті бос лауазымдарға тағайындау мақсатында кадр резервіне алыынады", делінеді хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!