Аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

14:50, 1 маусым 2020
166

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданының тауларында орын алды. 1979 жылғы Ресей Федерациясының азаматына аю шабуыл жасаған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне оқыс оқиға ретінде тіркелді.

– Куәгерлердің айтуы бойынша, қайтыс болған адам туыстарына демалуға келген Лепсинск ауылының тумасы. 28 мамыр күні оқыс оқиғаға тап болған ер адам “Лайка” тұқымды итімен және үш танысымен бірге атпен Лепсі өзеніне балық аулауға барған. 30 мамыр күні үйге қайтып келе жатып, жолаушылар алты шақырымға жуық жол жүрген. Сол сәтте ит аюдың қонжықтарын байқап, оларды қуа жөнелген. Итті "борсықтың ізіне түсті" деп ойлаған атты жолаушы соңдарынан ерген. Ағаштардың арасына жүгіріп кеткен ит бір мезетте қатты ұлыған. Қаза болған адам итіне көмектеспек болып ағаш арасына кіріпті. Біраз уақыт өте келе, ер адамның да қатты дауысы естілген. Сол сәтте бұталарды сындыра қалың жыңғыл арасынан жылқы мен адамдарды қорқыта аю шығып, орманға қарай қашқан. Қаза болған адамның достары оны және итін жұлма-жұлма болып жатқан жерінен өлі күйінде тапқан, – дейді Алакөл аудандық полиция бөлімінің басшысы Қуат Оспанов.

Полициядағылар көктемгі кезеңде аюлар өз қонжықтарын қорғау мақсатында агрессивті болатындығын және осыған байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттілігін ескертті. Қонжығын қорғамақ болғандықтан аю адамға шабуыл жасағандықтан, оны атуға тыйым салынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір