Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа түсті

15:49, 20 қазан 2021

© Сурет: zakon.kz

Алматыда қатігездік өлтірілген Аяжан Еділованың ісі сотқа берілді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына зорлау, сондай-ақ асқан қатыгездікпен кісі өлтіру бойынша Т.- ға қатысты қылмыстық іс түскенін хабарлаймыз. Аталған іс жабық жағдайда өтеді, себебі ол жыныстық қол сұғылмаушылыққа байланысты", – делінген хабарламада.

Алдын ала тыңдауда бұл істің не алқабилердің қатысуымен не судьяның жеке қарауымен қаралуы мәселесі шешілетін болады. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін істің қаралатын күні туралы қосымша хабарланады.

Еске сала кетсек, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы Айжан Еділова жоғалып кеткен. 22 наурызда оның өлтірілгені мәлім болды. Полиция "кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізіп, Түркістан облысының 1993 жылы туған тұрғынын ұстаған еді. Ол Аяжан Еділованың денесін бөлшектеп, қаладағы қоқыс жәшіктеріне лақтырып үлгерген.

Дайана Тоқберген


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!