Аяусыз соққыға жығылған экс-әкім қайтыс болды

17:43, 2 маусым 2020

Аяусыз соққыға жығылған Бурабайдың экс-әкімі қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті айтты, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

"Темірбековтің денсаулығына ауыр зақым келуіне байланысты биыл 23 мамырда ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 мамырда күдікті айыпты деп танылып, Бурабай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіге қатысты үй қамауына алу туралы шешім шығарды", – делінген хабарламада.

Ақмола облысының полиция департаменті қайтыс болған ер адамның Бурабайдың экс-әкімі болғанын растады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!