Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

11:33, 30 шілде 2021

© Сурет: azattyq-ruhy.kz

Жазушы Аягүл Мантай қайтыс болғаннан кейін Түркістан облысының полицейлері қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды zakon.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша басталған.

Жазушының мезгілсіз қазасы әлеуметтік желілерде резонанс тудырды. Желі пайдаланушылары марқұмды өлімге итермелегенін айтуда.

Суицид жайты Жетісай АПБ полицейлерімен ҚР ҚК-нің 105-бабымен "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлермен қажетті деген іс-шаралардың барлығы атқарылуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады, - деді Түркістан облысы ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!