Аягөзде бір басшы бюджет ақшасын футболға тігіп жіберген

09:55, 22 шілде 2019
240

Бюджеттің ақшасын букмекерлік кеңсеге жұмсаған Аягөз әскери гарнизоны қаржы қызметінің басшысы істі болды, деп хабарлайды Zakon.kz altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл іс Семей қаласындағы әскери сотта қаралды.

- Ол әскери бөлімнің бюджетінен шамамен 8 млн теңге ұрлады деп айыпталуда. Ол бұл қаражатты әр әскеридің шотынан тағы басқасының шотына аудару арқылы иемденген. Ал ол ақша қолына тигенде оны букмекерлік кеңсеге апарып, бәс тіккен. Ол әскерилерге "шотқа қателесіп ақша аударылып кетіпті" деп оны қайтарып алып отырған, - дейді Семей әскери сотының баспасөз қызметі.

Сотта күдіктінің қылмыстық ісін жасыру үшін бухгалтерлік есепті қолдан жасағаны да анықталды.

Сот қаскөйді ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабаның 3-тармағы, яғни "Өз өкілеттігін асыра пайдалана отырып, бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемдену және ұстау" бабы бойынша кінәлі деп тапты.

Ойынқұмар жігіттің әке-шешесі әскери бөлім бюджетіне келтірілген шығынды толықтай өтеген болып шықты. Бірақ соған қарамастан сот оны 1 жыл 3 айға соттап, лейтенант әскери шенінен айырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!