«Аягөз болашақ» қорына 55 млн теңге жиналған

14:55, 19 наурыз 2018

Шығыстағы қызыл судан зардап шеккен аягөздіктерге еліміздің әр түкпірінен гуманитарлық көмек көрсетілуде, деп хабарлайды Хабар 24.

Әсіресе «Нұр Отан» партиясының филиалдары ізгі іске жұмыла кіріскен. Қарғын су шайып, баспанасыз қалған жандарға Алматы, Павлодар, Ақтөбе облыстарынан құрылыс материалдары, азық-түлік пен қажет жабдықтар жеткізіліп жатыр. Шығысқазақстандық жасотандықтардың бастамасын іліп әкеткен облыс тұрғындары да белсенділік танытуда. Өскеменнен Аягөзге 15 тонна құрылыс жабдықтары және ұн, картоп, сұйық май, шаруашылық тауарлары жіберілді. Қаржылай қолдау да бар. Бүгінде «Аягөз болашақ» қорына 55 млн теңге жиналған.

- Аудандарға үлкен рақмет. Жағдайы қиын болып тұрса да, жолдың алыстығына қарамай, бірлік көрсетіп жатыр. Кеше Риддер, Шемонаиха, Абай, Семей өз шама-шарқынша Аягөз ауданына көмек қолдарын созып жатыр. Бұл өте көңіл қуантарлық жағдай, деді «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!