АвтоЦОН-дар тағы істемей қалды

15:15, 17 сәуір 2019
258

Арнайы мамандандырылған ХҚКО-ларда мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

Техникалық ақауларға байланысты арнайы мамандандырылған ХҚКО-да автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру және мемлекеттік әкімшілік полиция бөлімшелерінің тіркеу және емтиxан қабылдау бөлімшелерінде ақауларды жойғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің facebook-тегі парақшасы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!