Автобуста туған жанжалдан кейін жолаушы көз жұмды

10:06, 22 қазан 2018

ЖШС «Автопарктің» хабарлауынша, 15 қазанда №29 маршрутте екі жолаушы бір-бірімен сөзге келіспей қалған деп жазады «sn.kz».

Ер адам оларды сабырға шақырған. Автобустың ішінде жанжал шығармай, сыртқа барып сөйлесулерін өтінеді.

«Сол сәтте ер адам орнына отырып қалған. Басқа жолаушылар ер адамның жүзі сұрланып кеткенін байқайды. Бірден алғашқы көмек көрсетіп және жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер автобустан жолаушылардың барлығын шығарып, ер адамды құтқарып қалу үшін қолдарынан келгенін жасайды. Алайда жолаушы қайтыс болып кеткен. Автобуста 15 жолаушы болған. Сол сәтте ол аялдамада тұрған екен», – деп жазады «Автопарктің» өкілі Руслан Жылқаманов.

Оқиға орнына марқұмның інісі келген. Оның айтуынша, 61 жастағы ер адам жақында ғана инфаркт болып, ауруханадан шыққан екен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!