Австрияның ірі компаниясы Қазақстанда зауыт салу жоспарынан бас тартты

12:43, 20 мамыр 2020
136

Австриялық Borealis компаниясы ойлана келе Қазақстанда полиэтилен шығаратын ірі зауытын салу жоспарынан бас тартты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай шешімге бір жағынан COVID-19 пандемиясынан туындаған жағдай себеп болып отыр, компанияның сарапшылары болашақта нарық сұраныстары қандай болатыны белгісіз болып тұрғанын есепке алып, мұндай тәуекелден бас тартқан.

Ал бұл зауыттың құрылысы тұрақты 1000 жұмыс орнын қамтамасыз етер еді, деп жазады JexeNews телеграм каналы.


Былтыр бұл жоба туралы асқан мақтанышпен ҚР Энергетика министрлігі мәлім еткен болатын.

Әрине, ертең министрлік инвестордан айырылып қалғанына COVID-19-ды кінәлайды.

Австриялық Borealis компаниясы – әлем бойынша полиэтилен шығаратын ең ірі төрт өндірушінің қатарына кіреді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір