Австрияда соңғы 47 жылда болмаған ең ірі инфляция орын алуы мүмкін

13:45, 2 шілде 2022

© Сурет: pixabay

Елдің федералдық статистика басқармасы маусым айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 8,7%-ды құрауы мүмкін деген ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл 1975 жылғы қыркүйектен бастап алғаш рет тіркелмек инфляцияның ең ірі көрсеткіші болатыны баса айтылған.

Статистикалық мәліметтері бойынша, Австрияда бағалар барлық салаларда, соның ішінде бөлшек сауда және азық-түлік саласында да тоқтаусыз өсіп жатыр. Соңғы айда инфляция 1,4%-ды құрады, деп жазады iz.ru.

Маусым айындағы толық деректер 19 шілдеде жарияланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!