Австралиялықтың мешіттегілерді қырып салған сәтінің видеосы пайда болды

12:23, 15 наурыз 2019

Жаңа Зеландиядағы мешіт ішінде болған қанды қырғынның видеосы пайда болды. Оның кадрлары GoPro-камераларға арналған Live4 хостингінде жарияланды, деп хабарлайды Lenta.

Мешітке кірген қылмыскер алдымен мылтықпен өзінің алғашқы құрбандарын ата бастайды. Сосын қолына винтовка алып, жан-жағына тағы оқ атады.

Видео Крайстчерч қаласында түсірілген. Қылмыскер кемінде 27 адамды өлтірді. 30-дан астам адам жараланды.

Қылмыскер әсіреоңшыл көзқарастағы Австралия азаматы.

Жаза Зеландияның премьер-министр Джасинда Ардерн бұл оқиғаны ел тарихындағы "ең қаралы күндердің" бірі деп атады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!