Ауылшаруашылығы министрлігіне қатысты тергеу басталды

11:52, 15 маусым 2021

© Сурет: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің іс-әрекетінен бәсекелестікті шектейтін белгілер анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) құс фабрикаларының өтініштерін қарау қорытындылары бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне (АШМ) қатысты мемлекеттік органның бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша тергеуді бастады. Монополияға қарсы заңнаманы ҚР АШМ тауық жұмыртқасын өндірушілерге субсидияларды бөлу кезінде бұзғаны анықталды", делінген БКДА хабарламасында.

Құзырлы ведомствадағылар тергеу нәтижелері бойынша тиісті баға берілетінін жеткізді.

"Бұдан бөлек, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне келіп түскен өтініштің негізінде ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендiру ережелеріне талдау жүргізілді, онда малға арналған сәйкестендiру құралдарын (құлақ сырғаларын) әлеуетті жеткізушілерiне қойылатын талаптар қамтылған. Белгілі болғандай, бұл Ережелер әлеуетті жеткiзушiлердiң мемлекеттік сатып алуларға қатысуын шектейдi, өйткені онда ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендiру жүргізуге арналған құралды сертификатталған өнімі жануарлар туралы жазбаларды жүргізу жөніндегі халықаралық ұйымның (ICAR) интернет-ресурсында ұсынылған өндірушілер дайындайды делінген. Ал Қазақстан нарығында өнімдері ICAR интернет-ресурсында көрсетілмеген малға арналған құлақ сырғаларын өндірушілер бар", - дейді агенттіктің баспасөз қызметі.

Анықталған фактілер негізінде ҚР АШМ-ға монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы ескерту енгізілгені атап өтіледі.

"Ескерту заңнамада белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда Агенттік тергеп-тексерудiң жүргiзiлуiне бастамашылық етедi", деп атап көрсетті БҚДА.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!