Ауылға кірген бір топ аш қасқыр екі итке тап беріп, ту-талақайын шығарды

10:11, 21 қаңтар 2020

Павлодар облысында бір топ қасқыр екі итті бас салып, талап тастады, деп хабарлайды zakon.kz Телеграмм-дағы JEXENNEWS арнасына сілтеме жасап.

"Павлодар облысы, Ертіс ауданы,Қоскөл ауылында қасқырлар үй иттеріне шабуылдады. Біздің парақшаға жазылушылардың бірі жолдаған видео, делінген хабарламада.

Видеода алты қасқыр ауылға кіріп, есік алдында үріп тұрған екі итті тартып әкетіп, ортаға салып ту-талақайын шығарды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!