Ауылдың экс-әкімдері сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікке ілінді

13:03, 2 сәуір 2020
351

Алматы облысында ауылдық әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғалары, оның ішінде экс-әкім де сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді, деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімдеріне және Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды адамдарына сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп мәлімдеді Биғайдаров.

Ол шенеуніктер заңсыз шешімдер қабылдауға ат салысқан, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан жер учаскелерінің санитарлық-қорғаныс және су қорғау аймақтарында орналасқан жерлерге мемлекеттік актілерді заңсыз жасады деген күдікке алынғанын қоса кетті.

Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады, - деп қорытындылады өз сөзін тергеуші.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!