Ауылдастарынан велосипед пен ұсақ-түйекті ұрлаған ер адам ұсталды
"Полиция қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады", - деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қысқа мерзім ішінде Қорам ауылының тұрғындарынан жеке мүліктерінің қолды болғаны туралы бірнеше арыз түскен. Ауладан және тұрғын үйлерден бензин аралары, велосипедтер және қымбат құрылыс құралдары ұрланған.
Аталған қылмысты ашу мақсатында құрылған жедел-тергеу тобы кезекші тәулік ішінде жеке үй иелігінде орын алған төрт ұрлық дерегін "ізін суытпай" ашты. Үш ағаш кесетін ара, екі велосипед және шетелдік құрылыс құралдары табылып, заңды иелеріне қайтарылды.
Ұрланған заттардың барлығы бұған дейін де осындай қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 23 жастағы жергілікті тұрғынның мекенжайынан табылып, тәлкіленді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Оның бұдан өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:06, 24 сәуір 2024
Қазақстандықтар қарғын судан аман қалған үйлерге оралуда
-
10:53, 24 сәуір 2024
Есірткі таратқан шаңғы жаттықтырушысы 10 жылға бас бостандығынан айрылды
-
10:40, 24 сәуір 2024
Қазақстанда терроризмге қарсы жаттығулар жалғасуда
-
10:29, 24 сәуір 2024
WhatsApp-та жаңа пайдалы функция пайда болады
-
10:18, 24 сәуір 2024
24 сәуірдегі Бишімбаевтың соты - тікелей эфир