Ауыл шаруашылығы саласының шенеунігі 150 мың теңге парамен ұсталды

17:12, 15 қазан 2019

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР АШМ "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд"» РММ бөлім басшысына қатысты жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жалпы сомасы 2 296 000 теңге болатын мемлекеттік сатып алу бойынша "Өсімдіктерді бүрку" тауарларды қабылдау актісін кедергісіз қабылдап, қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!