Ауруханада көз жұмған жас жігіттің әкесі: Дәрігерлер ковид жұқтырды балама

10:16, 15 маусым 2021

© Сурет: Новые Известия

Түнгі барға барып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан 24 жастағы павлодарлық ауруханада қайтыс болды. 18 күн ес-түссіз жатып, оңала алмаған науқасқа, ақырында коронавирус диагнозы қойылыпты, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

14 маусымда әкесіне ұлынан айырылғанын жеткізген дәрігерлер марқұмның коронавирус жұқтырғанын айтыпты. Жансақтау бөлімінде жатқан баласы кеселді қалай жұқтырғанын әкесі түсіне алмай дал. Алғаш ауруханаға түскен кезде ПТР тесті алынып, індет теріс нәтиже берді дейді. Алайда, бір аптадан кейін алған тест, оның коронавирус жұқтырғанын анықтаған.

Марат ЖҰМАДІЛОВ, СОВЕТХАННЫҢ ӘКЕСІ:

- Ұлымды алған жарақатынан қайтыс болды және пневмония да әсер етті деп естіртті. Мен бұл долбарға сенбеймін. Ауруханада жатқан кісі қалай коронавирус жұқтырады? Ол үнемі жансақтау бөлімінде жатты. Ешбір туысын ішке кіргізбеді карантин - деп. Тек дәрігерлер ғана кіріп жүрді. Демек, дәрігерлер ауру жұқтырған балама. Өйткені, дәрігерлер оның беті бері қарап келе жатыр деп айтқан еді.

Ал денсаулық сақтау басқармасы марқұмның коронавирустан көз жұмғанын растамады. Барлығы сараптамадан кейін белгілі болады – деп отыр.

Айта кетейік, марқұмның әкесі бұған дейін де өзіне түсініксіз жайттармен бөліскен еді. Ол кезде де әкесі түнгі бар қызметкерлерінің ақпаратына сенімсіздік танытты. Оның айтуынша, оны әлдекімдер демалыс орнына алдап шақырып, ұрып соққан. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Әкесі баласын өлімші етіп сабаған кінәлі жазадан сытылып кете ме – деп қорқады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!