Аулада қабылдау: Алматы облыстық полиция бастығы халықпен кездеседі

10:50, 19 шілде 2019
470

ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес 19-20 шілдеде елімізде "Жолда қабылдау" және "Аулада қабылдау" республикалық акциясы өтеді. Халықпен кері байланыс орнату, тұрғындардың сұрақтарына жауап беру мақсатында өткізілетін іс-шараға орай Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Мұрат Ұрұмханов облыс орталығының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кез келген тұрғын полиция генералына тәртіп сақшыларының қызметіне қатысты пікірі мен ұсынысын айтып, өз сұрағын қоюға мүмкіндік жасалып отыр. Халықпен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында облыстық полиция басшысының әлеуметтік желіде жеке парақшасы ашылды. Сонымен қатар, биыл Департаменттің мекенжайына жеке және заңды тұлғалардан 228 өтініш түскен. Оның 193-і веб-портал арқылы жолданса, әлеуметтік желі арқылы 35 тұлға өз сауалын қойған. Аталған сұрақтар қаралып, оларға тиісті жауаптар берілді", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, 6 ай ішінде 130 жуық тұрғын полиция генералы Мұрат Ұрұмхановтың қабылдауында болған. Полицейлердің қызметіне, оны жақсартуға және қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстар мен пікірлер айтылып, орынды идеялар қабылданды.

"Бүгінгі "Ауладағы қабылдау" акциясына облыстық полиция басшылығымен қатар, қалалық әкімдік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өкілдері және өзге де ұйымдар қатысады. Облыстағы барлық қалалар мен аудан орталықтарында тұрғындарды қабылдау орындары Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында көрсетілді",- деп толықтырды полиция өкілдері.

Талдықорған қалалық Полиция басқармасының тікелей желі телефоны 8-7282-60-77-45.

"Жолда қабылдау" акциясы Талдықорған қаласының Сланов көшесінде орналасқан "Автобекет" аумағында өтеді, тікелей желі телефоны 8-7282-60-87-15.

"Аулада қабылдау" акциясы

19.07.2019 ж.

1) "Мүшелтой" ш/а, № 25-үй ауласы, сағат 09:00-11:00 аралығы;

2) "Жастар" ш/а № 29-үйдің ауласы, сағат 11:00-13:00 аралығы;

3) "Жетысу" ш/а, № 8-үй ауласы, сағат 15:00-17:00 аралығы;

4) Н. Назарбаев көшесі № 91үй ауласы, сағат17:00-19:00 аралығы.

20.07.2019 ж.

1) М. Төлебаев көшесі, № 102 үй ауласы, сағат 09:00-11:00 аралығы;

2) "Қаратал" ш/а, № 19 үй ауласы, сағат 11:00-15:00 аралығы;

3) "Достық" ш/а № 23 үй ауласы, сағат 15:00-17:00 аралығы;

4) "Қаратал" ш/а № 59 үй ауласы, сағат 17:00-19:00 аралығы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!