Ауғанстанда үш айда қызылшадан 11 бала қайтыс болды

14:39, 28 қараша 2022

© Сурет: pixabay

Ауғанстанда балаларды қызылшаға қарсы егу басталды. Елдің шалғай аудандарының тұрғындары екпе алу үшін ірі қалаларға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауғанстанның Денсаулық сақтау министрлігі ел бойынша егу науқаны аясында 7 миллионға жуық балаға екпе салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы TOLO News жазды.

Науқан 10 күнге созылады деп болжанды.

Тұрғындар Денсаулық сақтау министрлігін елдің шалғай аудандарында да екпе салуға жағдай жасауға шақырған. Себебі көптеген отбасы медицина мекемесі болмағандықтан балаларын Кабулға апаруға мәжбүр.

Индира Ганди атындағы балалар ауруханасының қызметкерлері кейінгі үш айда ауруханада кем дегенде 11 баланың қызылшадан қайтыс болғанын айтты.

"Вакцинация балалардың 90%-ға жуығын қызылшадан емдей алады. Бұл аурумен ауыратындарға да көмектесе алады".Балалар ауруханасының дәрігері Хуссиен Афзали

Аурухананың бас дәрігері Мохаммад Икбал Самаидың айтуынша, кейінгі үш айда аурухана төсек тартып жатқан 560-қа жуық науқасты қабылдаған. Оларға шұғыл емдеу керек болды.

2021 жылдың қазан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) басшылығымен ауғандық балаларды полиомиелитке қарсы егуге келісті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!