Ауаны ластаған атыраулық кәсіпорындар 13 млрд теңге төледі

10:02, 1 қараша 2018
1252

Атырау облысында жыл басынан бері атмосфераға зиянды қалдықтар шығарғаны үшін кәсіпорындар 13 млрд теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық экология департаментінен хабарлағандай, жыл басынан өңірде экологиялық заңнаманың сақталуына қатысты 100-ден аса тексеріс жүргізілген.

Соның нәтижесінде 248 бұзушылық анықталған. Зиянды қалдықтар шығарған кәсіпорындарға 196 әкімшілік айыппұл салынды.

Қазақстанның экологиялық заңнамасын бұзған кәсіпорындардан бюджетке 13 млрд теңге өндірілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!