Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің кейбір облыстарында жол жабылды

21:24, 21 қаңтар 2017

Бүгін сағат 12.30-да ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Семей  қ- Қайнар а.» республикалық маңызды а/ж (км. 8-144) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

Сонымен бірге сағат 16.00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Өскемен қ-Семей қ» республикалық маңызды а/ж (48-198 км. Таврия а.-Семей қ.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс қозғалыс жабық.

Сондай-ақ осы уақытта қатты желден жолдың көрінбеуіне байланысты «Омск-Майкапшағай» республикалық маңызды а/ж (756-900 км. Семей қ.-Қалбатау қ.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс қозғалыс жабық.

Сағат 16.00 «Алматы-Өскемен» республикалық маңызды а/ж (973-1048 км, Калбатау.а-Улан а.) барлық а/к түрлеріне қозғалыс жабық.

Сонымен бірге сағат сағат 17-45 «Шемонаиха-РФ шек.» республикалық маңызды а/ж (км. 108-123) барлық а/к түрлеріне қозғалыс жабық. 

Сағат 18.00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Өскемен-Тарғын-Самарское » облыстық маңызды а/ж (0-145 км), «Алматы-Өскемен» республикалық маңызды а/ж (778-973км, Калбатау а.) барлық а/к түрлеріне қозғалыс жабық.

Астана қаласында да сағат сағат 14.20-да ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) «Астана-Щучинск» республикалық маңыздағы а/ж жүк және қоғамдық автокөліктерге жол жабық.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!