Атышулы Малахов секс-символ дегені үшін Димаштан кешірім сұрады

08:57, 9 қыркүйек 2019

"Привет, Андрей!" бағдарламасының Димаш Құдайберген қонақ болып кеткен саны "Россия-1" телеарнасының YouTube-тегі арнасында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Малахов Димашты жаңа секс-символ деп таныстырғаны үшін кешірім сұрады.

- Instagram-да ел-жұрт мені талай жөнелді. "Ұлтымыздың мақтанышын қалайша секс-символ деп атайсыз? Сіздерде, Ресейде солай шығар… деп жатыр. Кешір, Димаш, сені солай таныстырғаным артық болды, - деп кешірім сұрады жүргізуші.

Бағдарлама барысында Димашқа жеке өміріне қатысты сұрақтар қойылды, бірақ Димаш оған жауап бермеді.

Димаш Игорь Крутоймен бірге бір сахнада өнер көрсетуді бала кезінен армандағанын айтты. Қазір екеуі етене жақын болып, әке мен бала сияқты қарым-қатынас орнағанын айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!