Атыраулық бойжеткен жігітін тонауға ат салысқан

17:52, 20 қаңтар 2021

Атырау облысында 27 жастағы Орал қаласы тұрғынын тонау күдігімен үш адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Күдіктілер екеуі - ер адам, тағы бірі - сұлу бойжеткен. Бұл туралы mgorod.kz хабарлайды.

Оқиға Орал қаласында болған. Жәбірленуші ойын-сауық орталығында бір қызды кездестіреді. Таныстықтан соң қыз жігіттің тілегін қабыл алып, оның үйіне бас сұғады, пәтерге енген соң қыз артынан келетін екеуге есікті іштен ашып береді.

Шақырылмаған қонақтар үй иесін соққыға жығып, оның ноутбугын, қалта телефонын және жалпы сомасын 1 миллион теңге тұратын алтындарын ұрлап кеткен. Жәбірленуші полицияға жүгінген. Оралдық жігіт танысқан қыздың тек есімін ғана білетіндігіне қарамастан тәртіп сақшылары бұл оқиғаға қатыстылардың барлығын анықтап, тапты.

Атырау облысына жіберілген жедел уәкілдер үшеуін де жалдамалы пәтерде ұстады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!